СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметіне ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиннің атынан ақжолтай хабар келіп түсті. Сайыпқыран спортшылардан құралған "Қайсар" құрама командасы Қазан қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында өткен Ресей федерациясының ашық чемпионатында І-орынды жеңіп алды.
Төрт айналымда да бірінші орынды иеленген жерлестеріміз жарыс барысында барлығы 20 ойын өткізді. Төрт турдың қорытындысы бойынша «Қайсар» қайсарлықтарын дәлелдеп, жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, Мұрат Ешпанов «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясын иеленді.
Облыс құрама команда сапында Ғалымжан Әлиев, Дәулетбек Әлиев, Диас Әлжанов, Мұрат Ешпанов, Асхат Ермағанбетов, Дәурен Қобландин, Дәурен Мэлисов, Ерасыл Қайқыбеков, Никита Пласкин, Асхат Зулпухаров, Мұхағали Сансызбаев, Олжас Әуезхан, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Бақытбек Тәженов, Нұрхан Сансызбаев, Шынғыс Сейтқалиев, Нұрлыбек Ұзақов, Дулат Шыныбек өнер көрсетті.
«Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Айта кету керек, спортшылар үстіміздегі жылдың 15-23 қазан аралығында Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өтетін ҚР чемпионатының III-IV турларына қатысады.
Пікір 2