Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елеусінов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Елеусінов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті


Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін америкалық Мэтт Доэртиге қарсы өткізді.

Елеусінов Бостондағы T Garden аренада бокстасты. Ол алты раундқа белгіленген кездесудің бірінші раундында Доэртиді нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп отыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының промоутері оның келесі жекпе-жегі 24 қарашаға жоспарланғанын, алайда қарсыласы әзірге белгісіз екенін мәлім еткен болатын.
Назерке Абибулла
21 қазан 2018 ж. 922 0