Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада – 2022: Қазақстандық спортшылардың соңғы жарысында кімдер өнер көрсетеді?

Олимпиада – 2022: Қазақстандық спортшылардың соңғы жарысында кімдер өнер көрсетеді?

Бейжің Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың соңғы жарыстарын «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада ойындарының соңғы күні қазақстандықтар спорттың тек 1 түрінен сынға түседі.

Тікелей эфир уақыты - 12:30.

Спорт түрі – шаңғы жарысынан 30 шақырымға масс-старт. Қатысушылар – Ангелина Шурыга, Ирина Быкова, Надежда Степашкина.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпаннан бері Қытайда өтіп жатқан XXIV қысқы Олимпиада ойындарынан «Qazaqstan», «Qazsport», «El arna» және «Хабар» телеарналары тікелей эфирден көрсетіп келеді.

Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсуде. Бүгін, яғни 20 ақпан Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні.
20 ақпан 2022 ж. 322 0