Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САМБОДАН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

САМБОДАН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

17-18 наурыз күндері Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен ҚР спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының вице-президенті, КСРО спорт шебері Рафик Валиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 16 команда, барлығы 350 спортшы қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша үздіктері анықталды.
Жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы 4 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль иеленіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Алматы облысының құрама командалары иеленді.
Жарыстың бас төрешісі Қайрат Досқалиевтің айтуынша, Қазақстан жеңімпаздары мамыр айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына және қазан айында Грузияның Тблиси қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады.
Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары ҚР спорт шебері нормативін орындаса, екінші, үшінші орын алған спортшыларға спорт шеберіне кандидат атағы берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медальдарымен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
ҰЛДАР:
48 келі:
I орын Асқар Еспосынов (Атырау)
II орын Айдос Жалғасбаев (Астана қ.)
III орын Айбек Калимов (Алматы обл.)
III орын Еркебұлан Әлі (ОҚО)
52 келі:
I орын Армат Қабдолов (БҚО)
II орын Абдухамид Абдуразақов (ОҚО)
III орын Ақжол Балтабаев (Астана қ.)
III орын Аманбек Құлқаев (Маңғыстау)
57 келі:
I орын Дәрмен Сарарқанов (Алматы обл.)
II орын Әділет Елемесов (Қарағанды)
III орын Самат Сағатбеков (Алматы қ.)
III орын Бекжан Төлепов (Байқоңыр)
62 келі:
I орын Бекзат Молдақапас (Алматы қ.)
II орын Дамир Әбдеков (Қызылорда)
III орын Армат Есқазиев (Алматы қ.)
III орын Мейрамбек Рахметоллин (ШҚО)

68 келі:
I орын Арнұр Қуатай (Алматы обл.)
II орын Жанқожа Марат (Қызылорда)
III орын Саят Сейітқалиев (БҚО)
III орын Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)
74 келі:
I орын Абылайхан Жұбаназар (Қызылорда)
II орын Дінмұхамед Арғынов (Астана қ.)
III орын Ербол Сарқытбаев (Алматы обл.)
III орын Тілек Тоқтасынұлы (Алматы обл.)
82 келі:
I орын Тоқтарбек Айдарбек (ОҚО)
II орын Санжар Балғымбеков (Қарағанды)
III орын Әмір Қалибеков (Қарағанды)
III орын Дәулет Ахмет (Жамбыл)
90 келі:
I орын Марат Байкамуров (ОҚО)
II орын Ерасыл Жанатаев (Алматы қ.)
III орын Абдувахоб Алихужаев (Маңғыстау)
III орын Аян Рысбай (Жамбыл)
100 келі:
I орын Ерасыл Әзімханов (Жамбыл)
II орын Данияр Жетібаев (Қызылорда)
III орын Шыңғыс Ақжолов (Алматы қ.)
III орын Алмас Бекарыстанов (ОҚО)
+100 келі:
I орын Әлібек Хасенов (Қарағанды)
II орын Нұржан Төлеубай (Қарағанды)
III орын Ғанибек Медиманов (Жамбыл)
III орын Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (ОҚО)
ҚЫЗДАР:
44 келі:
I орын Адия Сайын (Қызылорда)
II орын Фариза Қайырбек (Алматы қ.)
III орын Әсем Берік (ОҚО)
III орын Динара Жакенова (Алматы обл.)
48 келі:
I орын Назым Әлменова (Жамбыл)
II орын Малика Алпысбай (Қызылорда)
III орын Аружан Қарабекова (Жамбыл)
III орын Айымгүл Махоуава (Атырау)
52 келі:
I орын Диана Тлеумұратова (Қызылорда)
II орын Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда)
III орын Жадыра Әміртаева (Жамбыл)
III орын Альфия Қабдел (Алматы қ.)
56 келі:
I орын Гүлзада Алмаз (Атырау)
II орын Ақмарал Ерназар (Жамбыл)
III орын Нәбира Сланбекова (Қызылорда)
III орын Арай Ахан (Жамбыл)
60 келі:
I орын Айда Карчаева (Жамбыл)
II орын Мөлдір Маханбет (Қызылорда)
III орын Айнұр Нүсіп (Алматы қ.)
III орын Әйгерім Сахимова (ОҚО)
64 келі:
I орын Аружан Жолдас (Павлодар)
II орын Аружан Әбілдаева (Жамбыл)
III орын Сымбат Төрен (Қызылорда)
III орын Жанел Мұратова (Қарағанды)
68 келі:
I орын Мөлдір Қойбағар (Алматы қ.)
II орын Аяулым Балапанова (Жамбыл)
III орын Ақерке Құлаш (ОҚО)
III орын Айнұр Иманқұлова (Алматы обл.)
72 келі:
I орын Аруна Джангельдина (Ақтөбе)
II орын Айда Файзолла (Қызылорда)
III орын Талшын Жұматаева (ШҚО)
III орын Нарқыз Мырзахметова (Жамбыл)
80 келі:
I орын Жанерке Қуанышева (Қызылорда)
II орын Перизат Ералиева (Жамбыл)
III орын Арайлым Оразбай (Қызылорда)
III орын Әйгерім Мақсат (ОҚО)
+80 келі:
I орын Арайлым Әбенова (Алматы қ.)
II орын Мөлдір Айтқұлова (ОҚО)
III орын Гумида Көбей (ОҚО)
III орын Майра Мырзабек (Қызылорда)



19 наурыз 2018 ж. 1 261 0