Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жоао Пауло «Қайратқа» ауысады

Жоао Пауло «Қайратқа» ауысады

Былтырғы жылы Қазақстанның үздік ойыншысы атанған бразилиялық Жоао Пауло Алматының «Қайрат» клубына ауысуға жақын, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инсайдер-журналист Айдын Қожахметтің айтуынша, әзірге келісімшарт жасалмаған. Бірақ 33 жастағы футболшы жақын арада «Қайратқа» қосылады.

Келіссөз сәтті жүргізілді. Бразилиялық Алматы командасында 1,5 жыл ойнайтын болады. Жоао өзі осындай келісішмарт жасағанды қалады. Бұған дейін «Тобыл» командасы 100 мың доллар ұсынғанда, «Ордабасы» бас тартқан еді. Соған қарағанда «Қайрат» Байсейітовке одан көп беретін болған шығар, – дейді Айдын Қожахмет.

Айта кетейік, қаржылық қиындықтарға байланысты Шымкенттің «Ордабасы» командасы ойыншыларын таратып жатыр. Бұған дейін екі футболшысы Қостанайдың «Тобыл» командасына ауысып кетті.

Жоао Пауло Қазақстанда 2 жылдан астам ойнап жүр. 2019 жылдың қысында Болгарияның «Лудогорец» командасынан жалға алынған. Кейіннен келісімшартқа аяқталып, Шымкент командасына толыққанды ауысты. Ол «Ордабасының» ең үздік сұрмергені. Биыл 14 матчқа қатысып, 8 гол соққан.

Жалпы, спорттық карьерасында 316 ойында 101 рет мергендік танытқан.
05 шілде 2021 ж. 446 0