Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысты теңбіл доп додасы

Тартысты теңбіл доп додасы

Өткен аптада аудан­дық ішкі саясат бөлі­мі­нің «Радикалдық көз­­қарас» әлеу­меттік ма­ңызды жоба­сы аясында «Иман – 2013» қоғамдық қорының ұйымдас­ты­руымен мұсыл­мандар меші­ті­нің жамағаты арасында кіші футболдан жа­рыс өткізілді.

Жарысқа «Мешіт», «Жас­тар», «Қалжан ахун», «Бірлік» құра­масы қатысып, өзара мық­тыны анықтады. Кіші футболдың қыр-сырына қаныққан құрама мүшелері жарыстың көркін қыз­дырды. Теңбіл доп бәсекесіне қатысушылар арасында діни экстремизм бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

– Еліміз жат ағымдармен күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Діни алауыздық болдырмау үшін жастарға дұрыс бағытты нұсқауымыз керек. Сонымен бірге саламатты өмір салтын қалыптастыру – негізгі мақсат. Жат ағымның негізгі көріністерінен бойымызды аулақ ұстап, тыныштық пен татулықты негізін қалауымыз керек, – дейді «Иман – 2013» қоғамдық қорының төрағасы Муса Келдібаев.

Жарыстың қорытындысында, жүлделі І орынды «Мешіт» құрамасы, ІІ орынды «Қалжан ахун» құрамасы, ІІІ орынды «Бірлік» құрамасы иеленді. Сонымен бірге жарысқа қатысушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
06 сәуір 2021 ж. 424 0