Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ҚР ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ


Аудан көлемінде тоғызқұмалақ ойынына қатысып, республикаға танылып жүрген жас спортшылар жетерлік. Үнемі ой жүйріктерінің мәртебесі көтерліп, үздіктер қатарынан табылуда. Аса білімділік пен шапшаңдықты қажет ететін тоғызқұмалақ ойыны спортшыны бір жағына төзімділікке баулиды. Жыл сайын сырдариялық спортшылар айтулы жарыстардың бел ортасынан табылып, жоғары нәтижелерге қол  жеткізіп жүр. Жақында аудынымызда  жастар арасында тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі өткізілді. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан  9 қоманда ОРМБЖМ-нен 100 ден аса спортшы қатысты.

Ойын щвейцар жүйесі бойынша ұйымдастырып, спортшылар тоғызқұмалақтың "Классика", "Блиц", "Репид" түрлерінен бақтарын сынады.  Аптаға жуық аралықта  кіл мықтылар келешегінен зор үміт күттіретінін байқатты. Жарысты тәжірибелі төрешілер қадағалап, жоғары дәрежеде өтуіне септігін тигізді. Аудан атынан қатысқан спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, ҚР чемпионатына жолдама алды. Олардың қатарында  "Классикада" бағы жанғандар 19-21 жаста Дамир Ахметов ІІІ орын, қыздардан 21 жаста Бағжан Өмірбаева ІІІ орын, 17 жаста Нұрай Мектепхан ІІІ орын иеленді."Блицтен" 19-21 жаста Дамир Ахметов ІІ орын, 17 жаста Жантөре Аманқос І орын, Ерасыл Пернебаев ІІ орын, қыздардан 21 жаста Бағжан Өмірбаева І орын, 17 жаста Әсем Дәуренбекқызы ІІ орын еншіледі. "Рапид" сайысында 19-21 жаста Дамир Ахметов ІІ орын, 17 жаста Жантөре Аманқос І орын, қыздардан 21 жаста Бағжан Өмірбаева ІІ орын, 19-21 жаста Жансұлу Ермағанбетова ІІІ орын, 17 жаста Нұрай Мектепхан ІІІ орын алды.
Міне, жоғары да аталаған спортшылар наурыз айында өтетін ҚР чемпионатына қатысып, олжалы қайтарына сеніміміз мол. Сөз соныңда кіл жүйріктен суырып алға шыққан спортшыларымыздың бағы жансын демекпіз.
Б.ОРДАБЕКОВ
28 ақпан 2018 ж. 1 139 0