Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Қайсар" әлем чемпионатына қатысады

"Қайсар" әлем чемпионатына қатысады

Көгалдағы хоккейден жəне индорхоккейден облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин бастаған команда екі ай карантиннен кейін жаттығу залына оралды.
Жаттықтырушының айтуынша, "Қайсар" ойын түрлері бойынша спорт клубының спортшылары тамыз айында Талдықорғанда көгалдағы хоккейден өтетін ҚР кубогы мен чемпионатына, желтоқсан айында индорхоккейден өтетін ел чемпионатының 3,4 турларына команда тыңғылықты дайындық жүргізуде.
Сондай-ақ, көгалдағы хоккейден биылғы жылдың мамыр айында Андижанда жоспарланған Орталық Азия кубогы келесі жыл өткізілетін болды. Сыр спортшылары келесі жылы осы кубокқа, Əлем жəне Ресей федерациясының чемпионаттарына қатысады.
Айта кетейік, команда көгалдағы хоккейден 10 дүркін, индорхоккейден 5 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы.
10 маусым 2020 ж. 1 121 0