Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жарыс алаңында – мүмкіндігі шектеулі жандар

Жарыс алаңында – мүмкіндігі шектеулі жандар

Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің спорт залында Тәуелсіздік мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық ойындар түрінен жарыс өтті.

Жарыс спорттың дартс, дойбы, қол күрес түрінен өтті. Шараны ауыл әкімі Қ.Құлымбетов ашты. Іс – шараны өткізудегі мақсатқа тоқталған ауыл әкімі:

– Мемлекетіміз үшін маңызды мереке саналатын Тәуелсіздік меркесімен баршаңызды құттықтаймын. ҚР Президенті өз Жолдауында және Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру міндеті қойылды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа жаппай тарту қажеттігі  айтылды. Осы аталған міндеттерді іске асыру мақсатында спорттық шара ұйымдастырылуда, – деді.

Жарысқа қатысушылар арасында жастармен қатар жасы орта жастан асқандар да болды. Олар ойын барысында жақсы дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
18 желтоқсан 2019 ж. 998 0