Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


Түркістан қаласында волейболдан 2001-2002 және 2003-2004 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Екі жас ерекшелігі бойынша өткен дүбірлі додада 2001-2002 жылы туылған қызылордалық волейболшылар чемпион атанып, облыс намысын абыроймен қорғады.  Облыс құрамасы жарыс барысында алты кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын  айқын басымдықпен ұтып, 9 команданың арасынан жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Команданың алға шығуына және үздік өнер көрсеткен ойыншылар, қазалылық Бисұлтан Бекділда, шиелілік Бекарыс Еген және сырдариялық Мұхамедали Байтугенов өз үлестерін қосты. Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласында өткізілген ауыл жасөспірімдерінің республикалық  II жазғы спорт ойындарында волейболдан осы жас ерекшелігі бойынша облыс командасы жеңімпаз атанған болатын.
 Ал 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Сыр волейболшылары ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Бұл командада шиеліліктер Досжан Әділхан, Дулыға Төлегенов,  сырдариялықтар  Әнуар  Рахмет, Шамиль Ибрагимов,  Әсет Рысмахановжәне қызылордалық Бекнұр Болат үздік деп танылды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында волейболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім ұлдарарасынд өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар екінші мәрте чемпион атанды. Команда құрамында өнер көрсеткен шиелілік Досмағанбет Бекарыс «Үздік шабуылшы», қызылордалық Бекнұр Сайранбек «Үздік ойыншы» номинацияларына ие болды. Енді командалар келесі жылы Павлодар қаласында және Ақмола облысында өтетін ҚР қысқы чемпионаттарына қатысады.
Командаларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханов, жаттықтырушылар Аслан Зұлқарнаев, Мұрат Мұхамадиев және Өтепберген Абдраманов дайындады.
08 қараша 2018 ж. 1 415 1

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 17:13
Roche Xenical cheap cialis Cialis Belgique Allemagne Buy Propecia Hong Kong Will Propecia Work Forever Thinning Hair