Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

№ 81 газет

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Ауылда өткен марафон

Ауылда өткен марафон

Қалжан ахун ауылында 3 шақырымға жаяу жүгіру жарысы өтті. Қалжан ахун ауылдық мешітінің имамы Кенжебек Тұсмағанбетов ұйымдастырған шараға 43 марафоншы қатысты. Ұлдар тобында Елшат Қуаныш І орынды, 9-сынып оқушысы Мәди Маратов ІІ орынды, 9-сынып оқушысы Расул Дәруішхан ІІІ орынды иеленді.

Қыздар тобында Гүомайра Сүлеймен І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай жүлделер берілді.

Айта кету керек,№126 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері М.Бөдеев, А.Тәжібаев, А.Төлегенов, Е.Қуанышовтар жарыстың ережеге сай, әрі қауіпсіз өтуін ұйымдастырды.

«Жүгіру – сүннет» марафонының демеушісі – Ким Вячеслав Константинович. Ол – Қазақстандағы 50 беделді бизнесмендердің бірі, Қазақстан таеквандо федерациясының президенті. Ауылдағы мешіттің салынуына демеуші болған қайырымды азаматтың бұл жолғы өнегелі ісі – ел арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорттың дамуына аз да болса ықпал еткені сөзсіз.

"ТТ" ақпарат
14 қазан 2019 ж. 1 057 0