Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды


Иран астанасы Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті. Қазақстан атлеттері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Азия чемпионатының соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар алтын алса, жігіттер Катарды алға жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ұлттық құраманың аға бапкері Любовь Никитенко эстафета кезінде қыздардан Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голендова, Аделина Ахметоваға сенім артты.
"Ашхабадтағы Азия ойындарында қолда тұрған жеңістен техникалық қателіктерге байланысты айырылып қалған еді. Осы жолы ондай қателіктер орын алған жоқ. Біздің қыздар 3:41.67 минутта мәреге жетті. Екінші орындағы Иран қыздары 10 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Түркіменстан қорытындылады. Жігіттерден жалпы саны 6 команда қатысты. Қазақстан намысын Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил қорғады. Чемпион атанған Катар құрамасы мәреге 3:10.08 минутта жетсе, Қазақстан құрамасының нәтижесі – 3:11.68 минут. Үшінші орынға жергілікті Иран құрамасы тұрақтады – 3:11. 74. Сондай-ақ 1500 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак күміс жүлде еншіледі", - хабарламада.
Татьяна 1 ақпан күні 3000 метрге жүгіруден бас жүлде алған болатын. Ақтық сында 1500 метрге жүгіруден Шри-Ланка спортшысына есе жіберді. Қостанайлық атлет 1500 метрді 4.28.20 минутта жүгіріп өтті. Үшінші орын Тхи Оан Нгуенге (Вьетнам) бұйырды.
Осылайша, Нерознак спорттық карьерасында жабық кешендегі Азия чемпионатының барлық жүлдесіне ие болып үлгерді. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионатында 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді. 1 ақпанда 3000 метрде чемпион болды. Ақтық сында күміс жүлде бұйырды.
Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы жалпы 12 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, төртеуі күміс, біреуі қола.

https://baq.kz/kk
04 ақпан 2018 ж. 1 288 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 19:22
Cialis Generique 5 Mg Fluoxetine 60mg On Line tadalafil cialis from india antabuse Disulfiram Shipped Ups Fluoxetine France By Money Order Overseas

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 12:59
Generic Acticin Find No Doctors Consult Over Night Quando Cialis Non Funziona Flagyl Buy Online viagra online Comprar Cialis 5 Mg Generico