АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ – ТИІМДІ ЖҰМЫС ТЕТІГІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел Үкіметі мен жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік желілер арқылы халықтың сауалдарына жедел жауап беруді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды екеніне баса назар аударып, ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстануды міндеттеді. Осы ретте, ел Президенті пәрмен берген жұмыстың ауданда жүзеге асырылу барысы туралы аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлымен сұхбаттасқан едік.
– Ақтөре Ибрагимұлы, өзіңіз білетіндей, қазіргі таңда әлеуметтік желінің әлеуеті артты. Сондықтан билік өкілдері ашық диалог орнатуға алғашқы қадамдарды жасап жатыр. Бүгінгі сұхбатымызды осыдан бастасақ.
– Әрине, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстары қай кезде де маңызды. Ашықтық пен қолжетімділік қағидаты аудан әкімдігінің негізгі ұстанымы екенін дәлелдейтін нақты мысалдар көп. Ашық диалог пен конструктивті байланыс орнатуға аудан әкімінен бастап, орынбасарлар мен дербес бөлім басшыларының барлығы дайын. Тіпті бүгінде аудан әкімдігінің және дербес бөлімдердің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар. Кез келген тұрғын немесе әлеуметтік желі қолданушысы аталған парақшаларға өз сауалын жолдап, жауап ала алады. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмысты бақылау уақыт өткен сайын күшейіп келеді.
– Иә, ресми парақшаны ашу оңай, ал оның жұмысын жүргізу жауапкершілігі орасан. Осы ретте, тиісті жұмыстарды атқаруға нақты мамандар белгіленген бе?
– Жалпы баспасөз қызметі толыққанды 2018 жылдан бастап қалыптасты. Бұған дейін бұл жұмысты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімі атқарып келген. Аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың шешімімен 2018 жылы аудан әкімінің баспасөз қызметіне арнайы маман бекітіліп, нақты міндеттер мен атқарылуы тиіс жұмыстар айқындалды. Соның негізінде былтырғы жылдың 11 мамыр күні аудан басшысының төрағалығымен баспасөз қызметінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіне екі мәселе қойылып, қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл әкімі аппараттары әлеуметтік желіде ресми парақша ашып, маман бекіту керектігі жөнінде шешім қабылданды. Міне осыдан кейін өкіммен, бұйрықпен тиісті мамандар бекітіліп, әрбір маманға әдістемелік көмек көрсетілді.
– Мекеменің ресми парақшасынан бөлек, бірінші басшылар да әлеуметтік желіде жеке парақшаларын ашуда. Бұл жөнінде пікіріңізді білсек.
– Баспасөз қызметі тарапынан аудан көлеміндегі ресми парақшалардың жұмысына талап қойғанымызбен, мекеме басшыларының жеке парақшаларына нақты міндеттер жүктемейміз. Жеке парақша ашып, жұмысын жүргізу әркімнің өз еркіндегі шаруа. Бірақ қазіргі дамыған қоғамда кез келген бірінші басшы үшін тұрғындармен конструктивті байланыс орнатудың маңызы жоғары деп білемін. Айта кету керек, «Фейсбук» әлеуметтік желісінде аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың жеке парақшасы бар.
– Иә, «Фейсбук» әлеуметтік желісінде аудан әкімінің жеке парақшасы бар екенін білеміз. Аудан басшысының күнделікті жұмыс кестесі тығыз екенін ескерер болсақ, бәріне қалай үлгереді?
– Дұрыс айтасыз, аудан басшысының жұмыс кестесі өте тығыз. Апталық немесе айлық жұмыс кестесі дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын саралау, аппарат мәжілістерінде белгіленген жұмыстарды жүзеге асыру, әлеуметтік нысандар жұмысымен танысу, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау секілді маңызды іс-шаралардан құралады. Мұнан бөлек инвесторлармен, шаруашылық өкілдерімен кездесу, жиналыстарға қатысуға да уақыт бөлінеді. Дегенмен «Ықыласты адам уақыт табады, құлықсыз адам сылтау айтады» демекші, аудан басшысы барлық жұмыстарға үлгереді, оның ішінде «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы атқарған жұмыстарын жариялау да бар. Өзіңізге мәлім, аудан әкімі жеке парақшасына келіп түскен сұрақтарға да жауап беріп, өңірдің дамуына, жұмыстардың орындалу барысына өз көзқарасын білдіріп отырады. Қазіргі таңда жеке парақшаға 1251 әлеуметтік желі қолданушысы тіркелген.
– Ендігі кезекте аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің атқарған жұмыстарына тоқталсаңыз.
– Аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың тапсырмасына сәйкес «Фейсбук» әлеуметтік желісінен «Сырдария ауданының әкімдігі» ресми парақшасы ашылып, бүгінде 4972 тіркелушісі бар аталған парақша тұрақты жұмыс жасауда. Аталған парақша арқылы ауданда өткізіліп жатқан іс-шаралар фотосуреттермен бірге жариялануда. Сонымен бірге жұмыстарды ашықтыққа, қолжетімділікке негіздеу мақсатында «Open Syrdaria» парақшасы ашылып, қолданысқа енгізілді. Тұрғындар WhatSapр нөмері арқылы да еркін және тәуліктің кез келген уақытында сауалдарын жолдай алады. Бұл жұмыстарға арнайы маман бекітіліп, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жолданатын сауалдар мен ақпараттар толыққанды бақылауға алынды. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №409 бұйрығымен бекітілген «Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне» сәйкес Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы орыс және қазақ тілінде жаңартылуда.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Әлеуметтанулық деректерді талдау мен интерпретациялау» тақырыбындағы тренингке, Алматы қаласында өткен «Медиатур» аясындағы халықаралық семинарға және басқа да облыс көлеміндегі іс-шараларға қатысып, білімімізді жетілдірудеміз. Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі алдағы уақытта да аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппарат мәжілістерін, жиналыстарды, кездесулерді және аудандағы маңызды қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізе береді.
– Баспасөз қызметі өзіне жүктелген негізгі міндетінен бөлек, шығармашылық байқаулар да ұйымдастырып келеді. Мәселен былтыр мектеп оқушылары арасында эссе жазудан байқау өтті. Осындай шаралар өз жалғасын табады ма?
– Маңдайы күнге, табаны құмға күйген ауыл балаларын қолдау, шығармашылығына серпін беру – кез келген мемлекеттік қызметшінің міндеті. Елбасымыз «Ұлтты ұлы ету, ауылды түлетуден басталса, жастарды қолдаудың алғы шарты – ауыл жастарын ынталандыру» деген болатын. Осы ретте аудан әкімдігінің баспасөз қызметі білімге ұмтылған, ізденісті серік еткен оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуге дайын. Былтырғы жылы эссе байқауы жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық деңгейде суретшілер конкурсын өткізіп, жеңімпаздар марапатталды. Осы жылы «Фейсбук» әлеуметтік желісін қолданушылар арасында ауданымыздың даму белестерін айшықтайтын үздік жарияланымдарға арналған шығармашылық байқау өткізіледі.
– Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан Сәуле ЕРІМБЕТ