Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘДЕП ҚАҒИДАТЫН САҚТАУ – МІНДЕТ

ӘДЕП ҚАҒИДАТЫН САҚТАУ – МІНДЕТ

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, мемлекеттік қызмет саласында еңбек ету зор жауапкершілікті талап ете­ді. Ал Әдеп жөніндегі уәкіл қыз­меті мемлекеттік қызмет­ші­лердің әдеп қағидатын қатаң сақтауын бақылауға, оларға құқық­тық кеңестер беруге, сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу мен болдырмау бағытында­ғы жұмыстарды жандандыруға септігін тигізеді.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бас­тамасымен мемлекеттік қызмет саласы бойынша тың жобалар қолға алынып, сала жұмысы жыл сайын жетілдірілуде. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдердің арнайы ережесі бекітілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекеттік қызметке жүктелетін міндеттің жауапкершілігі зор екенін айтты. Қазіргі таңда барлық қызметтің ашық түрде жүргізілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Сол арқылы халыққа қызмет жүйелі жүзеге асырылады.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде аудан бойынша 148 мемлекеттік қызметші бар. Олардың мемлекеттік қыз­мет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақтауына ықпал ету Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді. Жалпы, Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
Ауданда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қы­зыл­орда облысы бойынша департаментімен бірлесе мемлекеттік қызметшілермен кездесулер, семинарлар, жиналыстар, жеке қабылдаулар өткізілуде. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша тұрғындардан сауалнамалар алынуда. Жергілікті басылымға, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына, «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларға да атқарылған жұмыстар жөнінде мәліметтер жариялануда.
Аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс нөмерлері, электронды поштасы, қабылдау күндері орна­ластырылған. Басты мақсат – ашықтық, мемле­кеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алу, мем­лекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру және жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Жыл басынан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен келісілген кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауыл әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде, денсаулық сақтау саласы мекемелерінде кездесулер өткі­зілді. Кездесулерде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы талқыланып, жаңа қа­был­данған заңнамалар, соның ішінде мем­лекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің ұсыныстары тыңдалып, кеңестер берілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылатын болады.


Димаш Байдушев,
аудан әкімінің орынбасары,
Сырдария ауданы бойынша
Әдеп жөніндегі уәкіл

02 шілде 2019 ж. 1 141 0