Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің бірлігіне сенеміз

Елдің бірлігіне сенеміз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуі нағыз қажет кезінде жарияланып отыр. Бұл болашақтан зор үміт күттірген шешім болды.
Ел басқаратын тұлғаны таңдау арқылы даму даңғылындағы бағытымыз айқындала түспек. Әлемде түрлі жағдай болып жатқанда біздің елдің бекем бірлігі мен түзу тірлігі жұрттың көз алдында. Бірақ жалпақ дүниедегі кез келген құбылыс бізге әсер ететіні анық. Сондықтан нақтылық керек. Президент шешімі осы нақтылыққа апарар жол.
Сайлауда ұйымшылдығымыз бен бірлігіміз сынға түседі. Ертеңіміз үшін таңдауда жауапкершілікті сезіне отырып, бұл қоғамда әрбіріміздің шешуші рөліміз бар екенін сезінген жөн. Бұл ретте отандастарымыз дұрыс таңдау жасайды деп сенемін.

Бақытжан РАХЫМБЕКОВ,
Қоғалыкөл ауылының әкімі
16 сәуір 2019 ж. 760 0