Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АСА ҚАЖЕТ ШЕШІМ

АСА ҚАЖЕТ ШЕШІМ

Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
Мұның ел үшін маңызы зор. Себебі, алға қойылған стратегиялық бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысын дер уағында сайлап алған дұрыс. Бұл биліктің заңды­лы­ғын нығайтуға, елдегі тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге ық­пал етеді. Оның қолданыстағы заң­нама нормаларына қатаң сәй­кес­тікте өткізілетінін атап өту маңызды. Мұның барлығы Елба­сы ұсынған стратегиялық бағдар­ламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сайланған Президент мем­лекет басшысының функция­ларын жүзеге асыруға, азамат­тардың құқықтары мен бостан­дық­тарының кепілі болуға халықтың сенімін алады.
Еліміз үшін тағдырлы кезеңде халық күткен шешім қабылданды. Президент атап айтқандай, қазір кідіріс жасайтын уақыт емес. Оның орнына жедел әрекет қажет. Ширек ғасырдан аса уақытта адам сенгісіз дәрежеге жеткен елдің мерейі әркез үстем болғаны абзал. Сол үшін де мемлекеттің дамуы жолындағы қарқынды жұмысты жалғастыруда елге көшбасшы керек. Сондықтан мұны тарихи, аса қажет шешім деп санаған жөн. Және де бұл істе бәріміз ынтымақпен жұмылғанымыз жөн. Мызғымас бірлігіміз арқылы біз талай биіктерді бағындырып келеміз.

Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты
16 сәуір 2019 ж. 1 074 0