Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықты шоғырландыру процесіне серпін береді

Халықты шоғырландыру процесіне серпін береді

Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
Президент сайлауы еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылады.  Қазіргі сайлау науқаны жаңа саяси жағдайда жүріп жатыр, бұған ерекше назар аударылуда. Сай­лауды жариялау процесі қыс­қа мерзімде және барлық рәсім­дерді қатаң сақтай отырып орын­далғаны атап өтуге тұрарлық.
Президент Қ.Тоқаев өзінің Елбасымен кеңескенін, өз шеші­мін Конституциялық кеңес­пен келіскенін атап өтті. Парламент палаталарының спикерлерімен, Премьер-Министрмен, пар­ла­менттік партиялардың көш­бас­шыларымен кездесулер өткізілді.
Шын мәнінде, біз элитаның, барлық саяси және қоғамдық күштердің транзиттік кезеңнің қисынды аяқталуын барынша тез, ашық және заңды түрде қамтамасыз етуге ұмтылуда қол жеткізген уағдаластығы туралы айта аламыз.   
Әрине, алдағы кезектен тыс президенттік сайлау –  маңызды саяси оқиға. Сай­лау­дың еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын жалпы­мемлекеттік мәні зор. Бұл сайлау уақыт талабына сай, соңғы саяси өзгерістердің қисынды жалғасы екені айдан анық.
Биылғы наурыз айында жо­ғар­ғы билік Ата заңның талаптарына сәйкес ауысты. Мұның бейбіт жолмен, тұрақтылық пен болжамдылық сақталған жағ­дайда өтуі аса маңызды болды. Осының барлығы биліктің тұрақ­тылығының жоғары дең­гейін, демократиялық инсти­тут­тардың пәрменділігін, саяси мәдениет пен азамат­тардың бір­лігін көрсетті. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан тарихын­да биліктің тұңғыш рет берілгенін естен шығармауымыз керек. Әлемнің түрлі елдерінде билік­тің берілу процестерімен ілесе жүретін қиындықтар болатынын ескерсек, Қазақстан осы күрделі кезеңде барлық саяси ойыншылардың саяси даналығы мен жауапкершілігін көрсетті.
Сонымен қатар айнала­мыз­дағы әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріп отырады. Күрделі геосаяси процестер, әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, әлеуметтік мәселе­лердің шиеленісуі, дінаралық қақтығыстар – осының барлығы басқарудың тиімділігі мен қоғамның тұрақтылығын талап етеді. Біз халықаралық қоғам­дастықтың, шетелдегі әріп­тес­теріміздің, оның ішінде шетелдік инвесторлардың Қазақстанда жүріп жатқан билік транзитін мұқият қадағалайтынын ұмыт­пауымыз керек. Олар үшін айқындық, ішкі тұрақтылық, саяси және экономикалық бағыттың сабақтастығы маңызды болып табылады. Ел ішінде транзиттік кезеңнің созылуы қоғамда, іскерлік қоғамдастық арасында бұлыңғырлықтың өсуімен қатар жүруі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар көп айтты, әлеуметтік желілерде жазылды. Сондықтан, эк­ономиканы, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту, қоғам­дық-сая­си тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету міндеттерін табыс­ты шешу үшін дамудың жаңа кезе­ңін ай­қындауда Қазақстан аза­мат­тар­ының сайлау құқығын тиім­­ді іске асырудың маңызы зор.
Осыған орай, сайлау өткізу ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен дәйектілігі жағдайында қоғамның одан әрі іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді. Сайлау биліктің заңды­лы­ғын нығайтуға, елдегі тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге ық­пал етеді. Оның қолданыстағы заң­нама нормаларына қатаң сәй­кес­тікте өткізілетінін атап өту маңызды. Мұның барлығы Елба­сы ұсынған стратегиялық бағдар­ламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сайланған Президент мем­лекет басшысының функция­ларын жүзеге асыруға, азамат­тардың құқықтары мен бостан­дық­тарының кепілі болуға халықтың сенім мандатын алады. 
Әлемдік тәжірибе көрсе­тіп отыр­ғандай, саяси тран­зит жағ­дайында, этносара­лық және дінаралық қатынас­тар мәсе­лесі деструктивті күштер өз мақсат­тарына жиі пайдаланатын «қауіп-қатер ошағы» санатына жатады. Ал Қазақстандағы этносаралық жағдай тұрақты, позитивті қал­пында сақталуда. Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының көпжылдық қызметінің арқасында еліміз­дің барлық этностары азамат­тық ұстаным қағидаттарына шоғыр­ландырылған. Бірде-бір этностық топ оқшаулану стратегиясын ұстанбайды, бұл сайлау науқаны барысында этностық­ты саясиландыру әрекеттерін айтарлықтай дәрежеде жоққа шығаратыны сөзсіз. Ассамблея өкілдері ретінде біз президент сайлауы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз. 
Сайлау еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді табысты шешу үшін халықты шоғырландыру процесіне сер­пін береді. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің жетекші қоғам­дық ұйымы ретінде осы бастаманы қоғамның бел­сенді қолдауын қамтамасыз етуді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Осыған бай­ланыс­ты, 10 сәуірде біздің ұйымның көптеген құры­лымдары өкіл­дерінің қатысуы­мен Ассамблея Кеңесі­нің кеңей­тілген отырысы өтті.
Парламент Мәжілісінің Ассамблеядан сайланған депутаттары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлес­тіктердің басшылары, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің, ғылыми-сарап­тамалық кеңестің, «Жаңғыру жолы» жастар қозға­лысының өкілдері, ғылыми және шығар­машылық зиялы қауым өкіл­дері, журналистер клубы мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері өз сөз­дерінде ел Президентін мерзі­мі­нен бұрын сайлау туралы шешімді толық қолдайтынын жеткізді. 
Кеңес қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблея­сының алдағы кезектен тыс пре­зиденттік сайлауды қол­дай­­тыны туралы үндеу қабыл­данды. Сонымен қатар, ол барлық қазақ­стандықтарды осы шешімді Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі жолында, болашақ ұрпақтар үшін жаса­лып отырған бірден-бір дұрыс таңдау ретінде қол­дауға шақырды. Осылайша,  Ассамблея өзінің қоғамдағы тұрақ­тандырушы рөлін, ұлттық сананың әртүрлі полюстерін позитивті векторда біріктіру қабілетін тағы да көрсетті.
Біздің қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелері дәстүрлі түрде саяси және өзге де келіс­пеушіліктерден жоғары тұрады. Баршамыз елдегі тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштық, азаматтардың қауіпсіздігі үшін кез-келген басқа тәсілдердің қауіпті екенін түсінеміз. Сарап­шылардың пікірлері, БАҚ-тағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау, көпшіліктің пікірі бұл шешімнің қоғамда оң қабылданғанын көрсетеді. Біз алдағы сайлауда тұрақты дамып келе жат­қан және өз болашағына сенім­мен қарайтын ел ретінде бола­шақ даму бағытын бірге айқын­дайтынымызға сенеміз. 
Әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сәуірде өтетін ХХVII сессиясында қа­зақ­­стандық саясаттың заманауи мейнстримі ретінде кезектен тыс сайлау тақырыбы туралы талқыланатын болады. Бұл сессия  2019 жылғы көктемдегі Қазақстанда болған ауқымды өзгерістер мәнмәтінінде өзінің саяси сипаты мен мәні жағынан ерекше болады.
Біріншіден, сессия алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың Тұңғыш Президент – Елбасы ретінде төрағалық етуімен өтеді. 
Бұл оның ерекше демо­кратиялық сипатын көрсетеді, Елбасы мен халықтың маңызды әрі қызықты сұхбаты өтеді.
Екіншіден, Ассамблея сессиясы Қазақстан халқының Ел­басының стратегиялық бағы­тын ұстанатынын, оның саяси бағытының сабақтастығын сөзсіз растайды. 
Үшіншіден, сессия елдегі жаңа саяси жағдайлардағы бірлік пен келісімді нығайтудағы заманауи бағыттар мен тәсілдерді ай­қындайды, елі таңдаған көш­басшы – Елбасының айналасына халықты топтастыруға қуатты серпін береді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күннің саяси күн тәртібінде ре­фор­малар, ілгерілеу, азамат­тық атсалысу алдыңғы орын­ға шыға­тынын, ал қоғам­­дық тұрақтылық, халық­тың бір­лігі мен келісімі біздің дамуы­­мыз­дың іргелі басым­дық­­тары болғанын және болып қала беретінін атап өту қажет. Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының XXVII сессия­сы жаң­ғыру мен реформалау үде­ріс­теріне, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның базалық негіз­дерін нығайтуға да өз үлесін қосатынына, ал алдағы през­и­дент сайлауы тәуелсіз Қазақ­стан тарихының жаңа парағын ашатынына сенімдімін.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –
Хатшылық меңгерушісі
egemen.kz
15 сәуір 2019 ж. 850 0