Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САЙЛАУ ТЕТІКТЕРІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛДІ

САЙЛАУ ТЕТІКТЕРІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛДІ


Қазақстан Республикасының Конституциясы мемле­кеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауда, ал егемендікке ие, әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық екенін анықтады. Қазақстан Рес­публикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Сайлау және сайлану құқығы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Консти­туциялық заңда реттелген. Аталған заңға бастапқы қабылдану уақытынан бастап бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Үнемі жетілдіріліп отыратын Заң сайлау үдерісін жақсартуға, сайлаушылардың құқықтық мәдениетінің артуына мүмкіндік береді.
2018 жылы 29 маусымдағы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес маслихат­ттың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдермен сайланады. Заңның 10-бабының 2-тармағында 3,4 және 7-тармақтары  жаңа редакцияда жазылды.
ІІІ. Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр  саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссия­сын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және олардың өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптас­тыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешiмдер, олардың құрамы мен орналасқан жерi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.»;
«7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.»;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылды:
«4-1. Орталық сайлау комиссиясының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, олардың функциясына аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық қызметіне жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құруды, дамытуды, енгізуді, қолдап отыруды, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді.»
Сонымен қатар тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы бойынша – тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны 2000-ға дейін болса – бестен жеті мүшеге дейін, 2 мыңнан асса – жетіден он бір мүшеге дейін болады. Жалпы сандық құрамы тақ болуға тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдайды деген тармақшамен толықтырылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңы сайлау заңнамасына жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жоюды мақсат еткен. Сондай-ақ іргелі сайлау қағидаттарын сақтауды одан әрі қамтамасыз етеді. Жаңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар барынша ашық және демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Б.ЖАНӘЛІ
25 қыркүйек 2018 ж. 2 033 2

Гость JeaOrer от 1 наурыз 2019 05:20
Buy Cheap Adderall Achat Pilule Viagra Clomid Hemorragie generic cialis Avis Sur Le Cialis 5 Mg Kamagra Oral Jelly Side Effects Ricetta Viagra Dei Poveri

Гость JeaOrer от 17 наурыз 2019 04:16
Kamagra Online Bestellen Forum Acheter Viagra Canada http://allngos.com Cialis 20 Mg Origine Buy Levitra?Overnight Delivery Cialis E Salute