Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мәжілісте нақты тапсырмалар жүктелді

Мәжілісте нақты тапсырмалар жүктелді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды.

Мәжіліс басталмас бұрын аудан басшысы Шаған ауылының әкімін таныстырды.

– 2025 жылдың 31 тамыз күні Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілген болатын. Сайлау нәтижелерімен Несіпбаев Қанат Кенесұлы Шаған ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Еңбек жолын 1992 жылы «Шаған» Агрофирмасы» серіктестігінде жұмысшы болып болып бастаған. Әр жылдары «Шаған Жер» серіктестігінің қырман басшысы, экономисі, бас инженер-гидротехник, директордың орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қанат Кенесұлы қызметтегі тәжірибеңіз бен біліктілігіңізді пайдалана отырып, алда тұрған жауапкершілігі мол, үлкен міндеттерді атқарады деп сенім білдіреміз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мұнан соң аудан әкімі егін жинау науқанына дайындық жұмыстары, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу, жылу маусымына дайындық мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

– Биылғы вегетациялық кезең өте қиын жағдайда өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Үкіметтің, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен егінге қажетті су жеткізіліп, жинап алу кезеңіне жетіп отырмыз. Ауданда биыл 33145 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде, күріш дақылы 19950 гектарға егілді. Бүгінгі күні 19 950 гектар күріш егіс алқабының суы толығымен байланып, егін жинау науқаны басталды.
Егін жинау науқанына барлығы 894 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Бұл жұмыстар сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мен жылу маусымына дайындыққа қатысты мәселе туындамау керектігін атап, тиісті сала басшыларына қатаң тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қыркүйек 2025 ж. 133 0