Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі егін науқанының барысы талқыланды

Көктемгі егін науқанының барысы талқыланды

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының және вегетациялық кезеңнің барысы талқыланды. Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәжіліс өткізіп, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес көктемгі дала жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына тоқталды.

Ауданда биыл 33 212 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып, оның ішінде 22 000 гектарға күріш дақылы егілуде. Биыл жалпы көлемі 3500 гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізілуде. Шаруашылық құрылымдары тұқыммен, техникамен және қажетті дизель отынымен толық қамтамасыз етілген.

Аудан әкімі көктемгі дала жұмыстары барысында мәселе туындамау қажеттілігін атап өтті. Егін науқанында Сырдария өзеніне жоғарыдан келетін су көлемі төмен екеніне тоқталып, суды аз қажет ететін дақылдар егісін ұлғайтуға баса мән берді. Осы бағытта жұмысты жандандыру бағытында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, аудан басшысы мәжілісте суға түсу маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін сақтауға қатысты тапсырмалар берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 мамыр 2025 ж. 121 0