Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаған ауылдық округінің әкімі сайланды

Шаған ауылдық округінің әкімі сайланды

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы, 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Шаған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасының негізінде Шаған ауылдық округінің әкімі лауазымына Смайлов Нұғыман Жанғабылұлы тағайындалды.

Шаған ауылында өткен сайлауға барлығы 2513 сайлаушының 2378 - і дауыс беруге қатысты. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни 1989 адам өз дауысын Нұғыман Смайловқа беріп, таңдауларын жасады.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев Шаған ауылының активіне жаңадан сайланған ауыл әкімін таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі. Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова жаңа ауыл әкімі Н.Смайловқа куәлік табыстады.

Нұғыман Жанғабылұлы 1977 жылы 25 қыркүйекте Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1995-1998 ж.ж Алматы құрылыс және менеджмент колледжін МТСВ мамандығы бойынша оқып бітірген.
2001-2007 ж.ж Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008-2010 жылдары аталған білім ошағында «мұнай-газ ісі» мамандығын игерген.

Алғаш еңбек жолын 1994 жылы Тереңөзек кеңшарында механизатор болып бастаған.

1999-2003 ж.ж «Агрофирма Шаған» ЖШС-де күрішші, есепші;

2003–2020 жылдар аралығында «Қор» АҚ мұнай компаниясында жүргізуші-оператор, оператор АИС, техник-механик, цех механигі жұмыстарын атқарған.

2020 жылдың қаңтар айынан «Шаған жер» ЖШС-де шаруашылықты дамыту және бақылау менеджері;

2020 жылдың наурыз айынан осы кезеңге дейін аталған серіктестікте директор орынбасары қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
19 қазан 2022 ж. 598 0