Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзекті мәселе!

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзекті мәселе!

Қазіргі таңда қоғамның кеселінің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік саясатының негізгі басым­дылықтарының бірі осы сыбай­лас жемқорлықпен күресу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесін тағы бір мәрте қоз­ғады.

Жемқорлықпен күресті қатаңдату және осындай заң бұзушылыққа жол берген барлық құзырлы ор­гандардың жауапкершілігін кү­шей­­ту мәселесінде бұрыннан қоз­ғалып келе жатқандығы белгілі. Бұл мәселе нақты шешімін тапса, жемқорлық қыл­мыстың жолын кесуге үлкен серпін берері анық.

Осы бағытта «Жетікөл ауыл­дық округі әкімінің аппараты» ком­му­налдық мемлекеттік мекемесі тара­пынан тұрақты түрде түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілуде. Аппарат қызметкерлері мен бағы­нысты мекеменің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет және қыз­меттік әдеп нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары жөнінде арнайы оқулар ұйымдастырылады. Бұл шаралар заң бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бейнесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында өткізіледі. Аппарат қызметінде жемқорлық тәуе­кел­дерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстары жылына кеміне бір рет жүргізіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер заңмен белгіленген шектеулерді сақтауы тиіс. Олар мүд­делер қақтығысына жол бермеуі, жеке немесе заңды тұлғалардан сый­лықтар алмауы, қызметтік өкі­леттігін өз пайдасына немесе туыс­тарының мүддесіне пайдаланбауы қажет. Әр мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеттері үшін заң алдында жа­уапты екенін терең түсінуі тиіс.

Ө.Тоқпамбетов,
Жетікөл ауылдық округінің әкімі
сурет ашық дереккөзден алынды
12 шілде 2025 ж. 58 0