Қоғамды тежейтін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мүдделер үшін билікті асыра пайдалану, ол мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп, қоғамның дамуын тежейді. Ол әртүрлі нысандарда көрініс табады, соның ішінде парақорлық, тамыр-таныстық, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану және басқа да заңсыз немесе әдепке сай келмейтін әрекеттер.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, адамдар және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында маңызды шаралар өтіп жатқаны белгілі.
Ер бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» ел ішінде тәртіп керек, ал тәртіп сол елге қызмет ететін азаматтардан басталу керек.
Дәулет СӘРСЕНБАЕВ,
Бесарық ауылдық округі әкімі
Фото: Н.Нұржаубай