Жемқорлықпен күрес – барлық азаматтың борышы
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүреді. Елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсарып, экономикалық даму деңгейі өсті. Осы ретте алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – күн тәртібіндегі мәселе.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалану сыбайлас жемқорлық деп анықталған.
Эканомикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер – экономиканың құлдырауы, азаматтық қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекеттік институтының тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен курес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты. Осыдан келіп, жемқорлардың өз күштері арқылы жемқорлықпен күрес жүргізуі барып тұрған мағынасыздық деген келесі қорытынды туындайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білемін.
С.Арысбаева,
С.Сейфуллин ауылдық округі
әкімі аппаратының
жетекші маман-заңгері