Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданының прокуроры тағайындалды

Сырдария ауданының прокуроры тағайындалды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив жиыны өтті.

Актив отырысына Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков арнайы қатысып, жаңадан тағайындалған аудан прокурорын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Әлімбаев Абай Мұхтарұлы Сырдария ауданының прокуроры болып тағайындалды.

А.Әлімбаев еңбек жолын ішкі істер органдарында тергеуші болып бастап, әр жылдары Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры, аға прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы лауазымында болған.

Аудан әкімі аудан прокуроры қызметіне тағайындалған Абай Мұхтарұлына Заң талаптарын қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

– Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Дегенмен, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде маңызды іс-шаралары жүзеге асыру қажет. Абай Мұхтарұлына аудан халқының құқықтарын қорғап, заңдылықты қамтамасыз ету бағытында қажырлы қызмет атқарады деп сенім білдіреміз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Актив жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен құқық қорғау саласының ардагері, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов аудан прокурорының қызметіне тілектестік білдірді.
16 қаңтар 2025 ж. 50 0