Жолдау ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді

Жиын барысында Ел Президентінің 2024 жылдың 2 қыркүйек күні жолдаған «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты ҚР халқына Жолдауына қатысты қызметкерлерге техникалық оқу өткізілді. Одан бөлек сала мамандары арнайы дайындаған баяндамаларын оқып, Жолдауда айтылған бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Жиын барысында Жолдаудың бірінші бағыты: Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою тақырыбында ақпараттар айтылды. Сондай-ақ сыртқы сауда операцияларынан түсетін кірістің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу керектігі жөнінде айтып өтті. Бұған қоса Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы бағыты: Мемлекет басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру тақырыбында сөз қозғалып, мамандар Президент тапсырмасының өзектілігіне кеңінен тоқталды.
Жиын соңында сала мамандары Жолдауға қатысты бірнеше маңызды тақырып бойынша талқылау жүргізіп, арнайы қойылған сұрақтарға тұщымды әрі нақты жауап берді. Бұдан бөлек Сырдария аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы З.Рахымшаева әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет екенін айтып өтті. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Нұрсейтов Жолдауға қатысты талқылау жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтып, қорытынды сөз сөйледі.
Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ