Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты аудандық партия филиалының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша көшпелі отырысқа қатысты.

Аталмыш отырысқа аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Жақып, аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, қоғамдық кеңестер төрағалары мен жауапты сала басшылары қатысты.

Көшпелі отырыс барысында Сайлауалды бағдарлама аясында жасалған жол картасының бүгінгі күнге орындалуы талқыланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.

Атап өту керек, ауданда партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жұмыссыздықтың алдын - алу мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 4,7 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Ағымдағы жылдың 6 айында 1053 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 457 тұрақты, 596 уақытша жұмыс орындары.

2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100%-ға жеткізу қойылды. Жалпы ауданда аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 105,7 км құрайды. Бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 98% құрап отыр. Елді-мекендердің ішкі көше жолдарының жалпы ұзындығы 227,4 шақырым болса, олардың 156,6 км асфальтталған 96 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетіп отыр.

Мұнан бөлек, шаруашылықтар үшін Шаған ауылында қуаттылығы тәуліген 60 тонна күріш ақтайтын зауытының құрылысы, Ақжарма ауылында күріш ақтайтын және тазалайтын зауыттар пайдалануға берілген.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 4 репродуктивті шаруашылық құрылады. Солардың бірі Жетікөл ауылдық округіндегі «Көркем» шаруа қожалығы 2021 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 22,5 млн.теңге несиеге Ресей федерациясы Ростов облысы, Орловский ауданы, Волочаевский елді мекенінен асыл тұқымды ет бағытындағы 50 бас Қалама сиырын сатып алып күтіп бағуда.

Білім, медицина салалары бойынша да ауықымды істер жүзеге асуда.




Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT»
партиясының мүшесі
13 шілде 2022 ж. 243 0