Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар саясаты саласында қандай ұстанымдарға басымдық берілген

Жастар саясаты саласында қандай ұстанымдарға басымдық берілген

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде жастар саясатының бағытына түсінік берді.

«Мемлекеттік жастар саясатында мына ұстанымдарға екпін қойылған: мәдени әрі адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы; азаматтық, жауапкершілік, еңбекқорлық; конфессияаралық келісім мен ұлтаралық толеранттылық; ұрпақтар сабақтастығы, отбасы тәрбиесінің басымдығы. Мемлекеттік отбасы саясатының мақсаты - отбасын қолдау, нығайту және қорғау. Сонымен қатар, отбасы мен мүшелерінің физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғыда дамуына қажет жағдай жасауға ерекше назар аударалып отыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Қазақстанда мәдени құндылықтарды, дәстүрді, руханиятты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отбасы мәртебесін нығайту жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндетті жүзеге асыру мақсатында Отбасы күні белгіленді.

2014 жылдан бері адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң имиджін насихаттауға, отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде байқауға Қазақстанның барлық аймағынан 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесе отырып, жыл сайын отбасы саясаты саласында 100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган белгіленді.

2023 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» (мамырдың екінші жексенбісі) және «Әкелер күні» (маусымның үшінші жексенбісі) датасымен толықтырылды. Бұл тұрғыда, министрлік мәдени құндылықтарды, салт-дәстүрді, руханиятты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отбасы мәртебесін нығайту бағытында жұмыстарды атқарып келеді.
11 ақпан 2024 ж. 190 0