Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері Сырдария ауданында болды

Облыстық мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері Сырдария ауданында болды

Бүгін Сырдария ауданына қарасты С.Сейфуллин ауылдық округінде «AMANAT» партиясы облыстық мобильді қабылдау тобының өкілдері тұрғындарды қабылдады. Мобильдік топ мүшелері ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірін тыңдады.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары тарапынан жұмыспен қамту, тұрғын үй, білім, денсаулық, ауылшаруашылығы салаларына қатысты көкейтесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары биыл іске асырылып басталған С.Сейфуллин ауылын газдандыру жобасы келер жылы өз жалғасын тапса деген тілектерін де көтерді.

Айтулы іс-шараға қатысушыларға облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалары бойынша тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

С.Сейфуллин ауылдық округінде өткізілген қабылдауға «Amanat» партиясының облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Ж.Ембергенов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов, облыстық басқармалардың бөлім басшылары және аудандық бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
08 желтоқсан 2023 ж. 67 0