Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құ­рыл­тайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Мемлекет басшысы Ұлытау төріндегі алғашқы құрылтайдан бері өткен бір жылда еліміз­де конституциялық реформа­ жасалғанын, бұл өзгеріс­тер мем­лекеттігіміздің тұғырын бе­кі­те түскенін, ұзақ мер­зім­­ге арналған демокра­тия­лық­­ бағдарымызды айқын­дап­ бергенін атап өтті. Пре­­­­­­­­­зиденттің айтуынша, Әді­лет­­ті Қазақстанды құру министр­лер мен әкімдердің ға­на мін­­­­деті емес. Оған бүкіл қо­ғам болып жұмылу керек. Ал түпкі мақсатқа жету үшін сая­­си-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бас­тысы, әр азаматтың сана-сезімі жаң­ғыруы қажет. Халқы­мыз­дың дү­ниетанымы және өмірлік ұс­та­нымдары өзге­руге тиіс. Әйт­песе, басқа рефор­маның бәрі бекер.

Президент отаншылдық, адам­гершілік, білімпаздық, на­ғыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қа­с­иеттер бәрінен биік тұруға тиіс екенін айтты.

– Осындай ізгі қасиеттің бә­рін бойына сіңірген жанды­ Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады. Шын мәнінде, біз айтып жүр­ген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланыс­ты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тап­қан адам жетістікке жетеді, құр­метке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық бас­ты орында тұрса, әділ қо­ғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгі­ліктің бәрі адалдықтан бас­тау алады. Ендеше, Әділетті Қа­зақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қа­тар тұруға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, елі­міздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуге тиіс екеніне назар аударып, осы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Президент мем­лекеттік нышандарды же­тілдіру; ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту; мә­дени мұрамызды жан-жақты дәріптеу; өскелең ұрпақтың тәр­биесіне мән беру; ақпарат саясатының тиімділігін артты­рып, креативті индустрияны дамыту; мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қыз­метін сапалы жүргізу; шекаралас аймақтарды дамыту; мем­лекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде маңызды мәселелерді қозғап, тың бастамалар ұсынды.

Жиынды Мемлекеттік ке­ңесші, Ұлттық құрылтай төра­ғасының орынбасары Ерлан Қарин ашып, жүргізіп отырды. Құрылтай мүшелері атынан Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғы­лыми жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев, Қазақстанның Еңбек Ері Вадим Басин, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғам­дық бірлестігінің төраға­сы Се­рік Ақылбай, Парламент Мә­­жі­лісінің депутаты Жұл­дыз­ Сүлейменова, Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, бел­гілі өнер қайраткері Азамат Сатыбалды сөз сөйледі.

Аkorda.kz
20 маусым 2023 ж. 213 0