Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз - Тоқаев

Құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз - Тоқаев

Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім. Құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған, - деді Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ашылуында сөйлеген сөзінде.

Айтуынша, мұндай шешімдердің қабылдануы – ел бірлігі үшін аса маңызды. 

Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген. Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды, - дейді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 
16 маусым 2022 ж. 451 1

Kaylene от 30 мамыр 2025 06:39
Nicely expressed genuinely. ! casino en ligne You reported it perfectly. casino en ligne francais You actually revealed this exceptionally well! casino en ligne You have made your point! casino en ligne Lovely postings. Regards! casino en ligne francais Useful knowledge Appreciate it. casino en ligne You have made your point! casino en ligne fiable Thanks a lot. Valuable stuff. casino en ligne Nicely put, Thanks a lot. casino en ligne Appreciate it, A lot of posts. casino en ligne