Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді

Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрайымы Кристина Берзинямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пірімбетов 2022 жылғы 5 маусымда елімізде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып берді.

Елші конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие екенін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Референдумға қойылатын мәселелер билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру мақсатында қолданыстағы саяси модельдің тұжырымдамалық трансформациясына қатысты.

К.Берзиня Қазақстан ОСК Төрағасының шақыруымен латвиялық тарап елімізге референдумның халықаралық бақылаушылары ретінде екі өкілді жіберетінін хабарлады. Латвия ОСК басшысы биылғы қазанда өтетін Латвиядағы парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы да айтты.

Кездесу соңында тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.
27 мамыр 2022 ж. 286 0