Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейдегі сайлау: бүгін – сайлаудың соңғы күні

Ресейдегі сайлау: бүгін – сайлаудың соңғы күні

Қазақстанда бес қалада сайлау учаскелері ашылды. Ол жерде Ресей азаматтары дауыс бере алады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы 17 қыркүйекте басталған болатын. Бүгін - сайлаудың соңғы және негізгі күні. Осы жолы алғаш рет дауыс беру науқаны үш күнге созылып отыр. Негізгі мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және санитарлық талаптарды барынша сақтау.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, 225 депутат партиялық тізім бойынша сайланса, тағы 225 депутат бір мандатты сайлау округтарынан думаға өтеді. Олар бес жылға сайланады.
Биылғы сайлауға 14 партия қатысып отыр. Олар:
  • Ресей Федерациясының коммунистік партиясы;
  • "Жасылдар"
  • Ресейдің либералды-демократиялық партиясы;
  • Жаңа адамдар; 
  • "Біртұтас Ресей" партиясы;
  • Әділетті Ресей;
  • Яблоко;
  • Өсім партиясы
  • Ресейдің әділеттілік пен еркіндік партиясы;
  • Ресей коммунистері;
  • Азаматтық платформа;
  • Жасыл альтернатива;
  • Отан
  • Зейнеткерлер партиясы.
Партиялық тізімдер бойынша 3 812 кандидат тіркелсе, бір мандатты окрутардан 2 020 үміткер шықты. Мәскеу мен Санкт-Петербургте бәсекелестік жоғары болып тұр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ресейде тұратын дауыс берушілердің жалпы саны – 108 145 648 адам. Бұдан бөлек, шетелде 2 047 140 адам тұрады. Ал Байқоңыр қаласында 12 515 сайлаушы бар.

Қазақстанда жүрген ресейліктер қай жерде дауыс береді

Ресейдегі сайлауға байланысты Қазақстанда бірнеше дауыс беру учаскесі ашылып отыр. Олар бес қалада орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39 үй. Ол жерде  Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қарағанды облыстарының тұрғындары дауыс береді. Телефон: 8 (7172) 32-05-15, 8(7172) 44-08-05;
Алматы, Жандосов көшесі, 4 үй; телефон: 8 (727) 274-61-22;
Приозёрск, Офицерлер үйі, Кисунько көшесі, 1/2 үй; телефон: 8 (71039) 5-21-44;
Орал, Ресейдің бас консулдығы, Мұхит көшесі, 78 үй; телефон: 8 (705) 847-78-61;
Өскемен, Ресейдің бас консулдығы, Орджоникидзе көшесі, 2 үй; телефон: 8 (7232) 26-29-59.
Қазақстанда дауыс беру таңғы сағат 8.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады. 18 жастан асқан сайлаушы ғана дауыс бере алады. Ресей Федерациясының төлқұжаты болуы шарт.

Қазақстан атынан сайлауды кім бақылайды

14 қыркүйекте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресей федералдық жиналысының мемлекеттік дума депутаттарының сайлауына жіберілетін бақылаушылардың тізімін бекіткен болатын. Олар ТМД мен ШЫҰ атынан баратын бақылаушылардың құрамына кіреді. Қазақстандық делегацияның құрамына Орталық сайлау комиссиясы мен дипломатиялық корпус өкілдері енді.

19 қыркүйек 2021 ж. 405 0