Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Cайлауға қатысқан барлық партия жергілікті мәслихаттардан мандат алды

Cайлауға қатысқан барлық партия жергілікті мәслихаттардан мандат алды

Қызылорда облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына 152 мандат берілген. Сайлаудың қорытындысы бойынша барлық партия жергілікті мәслихаттардан мандат алды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

«Қазақстан Халық партиясы» - 4, «Nur Otan» партиясына – 126, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 5, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 15, «ADAL» саяси партиясына – 2 квота берілді.

Облыстық мәслихатта 33 депутат болады. Оның 27-і «Nur Otan» партиясынан, 3-і «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының, 3-і «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан.

Арал аудандық мәслихатқа 15 мандат берілген. 11-ін «Nur Otan» партиясы, екеуін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, екеуін «ADAL» саяси партиясы иеленді.

Қазалы аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.

Қармақшы аудандық мәслихатта 13 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 11, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.

Жалағаш аудандық мәслихатта 12 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 10, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.

Сырдария аудандық мәслихатта 12 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 10, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.

Шиелі аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Қазақстан Халық партиясы» – 2 квота алды.

Жаңақорған аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.

Қызылорда қалалық мәслихатта 22 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 18, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 2, «Қазақстан Халық партиясы» – 2 квота алды.

Айта кетейік, барлық деңгейдегі мәслихат депутатына квотаны 7 пайыз дауыс жинаған партиялар алады.

12 қаңтар 2021 ж. 506 0