Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢҒЫРТУ КӨП ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

ЖАҢҒЫРТУ КӨП ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

Елбасы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым бағыттың бірі болып қала беретінін, тұрғындардың денсаулығы ауыз суға тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада тиянақты жұмыстар атқарылуы қажеттігін айтқан болатын. Облыста бұл бағытта бірқатар іс қолға алынып, «Ақбұлақ» бағдарламасы кезінде мың шақырымнан астам су құбырлары жүргізілді. 2015 жылдан бері «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ескірген су желілерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқын алды.
Бүгінде Қызылорда қаласындағы ауыз су жүйесінің 78 проценті қайта ауыстырылса, кәріз су жүйесінің 45 проценті қайта жаңғыртылуда. Биылғы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша 13 нысанды жаңғырту жұмыс­тарына 1584,1 млн теңге бөлініп, 10,5 шақырым ауыз су жүйесі, 7 шақырым кәріз су жүйесі ауыс­тырылып жатыр. Ал, «Өңірлерді дамыту-2020» бағ­дарламасы аясында «Мерей» мөлтек ауданының 5,4 шақырым және «Ақмешіт» мөлтек ауданының 6,6 шақырым кварталаралық кәріз су жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Қаладағы бұл жұмыстармен танысу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастамасымен баспасөз туры өтті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бұрынғы қалалық «Таксопарк» маңайы, Хон Бен До көшесінен бастап Жұмысшы көшесі арқылы өтетін 13-Кәріздік насос станциясына дейінгі 1 шақырым 500 метрлік кәріз құбыры жаңадан салынуда. 1982 жылы пайдалануға берілген құбырдың жарамдылық мерзімі өткен, бір ерекшелігі бұрынғы құрылыс материалы темір болса, бұл құбырлар пластик материалдан жасалған. Нысанға жауапты мердігер «Нұрай-Ақжол» ЖШС-ның басшысы Ерлан Оспанов жаңғырту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталғанын, қараша айына дейін нысан жауапты мекемеге тапсырылатынын жеткізді. Қалада мұнан бөлек, кәріз су жүйесін жөндеу жұмыстары Қазантаев көшесінің маңайы, «Жайна» сауда үйінің аумағында жүргізілуде.
Ал «Механизатор» ЖШС қаланың сол жақ бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін, облыстық диагностика орталығына қарама-қарсы су тарату камерасынан бастап Абай даңғылы бойымен Жақаев көшесіне дейінгі су жүйесі құбырын қайта ауыстыруда. Ұзындығы 2 шақырымға созылатын бұл құбырлар 1976 жылы салынып, жарамдылық мерзімі өткен. Бұрынғыдан өзгешелігі, негізгі жол бойында жүргізілетін жөндеу жұмыстары қазір көлік қатынасына кедергі келтірмеу үшін тротуар бойымен жүргізілуде.Учаске басшысы Мейрамбек Әбілғазиевтің айтуынша, бүгінде жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.
Баспасөз туры аясында «Бас тоған су алу» мекемесіне аялдап, соңғы үлгідегі су шығыны мен қысымды өлшеу құралдарының, станоктар мен құбырларға авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізетін техникалық кешен жұмысымен таныстық. Айта кету керек, өткен жылы «Қызылорда қаласының ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суды әкету жүйелерін жаңарту» бағдарламасы бойынша 2014 жылғы «Қызылорда су жүйесі» МКК мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы несиелік үш жақты келісім бойынша зертханалық жабдықтар, арнайы техникалар мен жөндеу құрылғылары алынған.
Жалпы өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ауыз су құбырларының тозығы 22-ден 19,6 процентке, кәріз су құбырлары 27-ден 21 процентке төмендеді. Аталған бағдарламамен қоса, ЕҚДБ кредиттік бағдарламалары мен кәсіпорынның өз қаржысы бойынша атқарылған жұмыстар негізінде ауыз су жүйелеріндегі су қысымының гидравликалық есебі жүргізіліп, магистральді құбырларды қосу және ескі жүйелерді ажырату жұмыстары атқарылған. Соның негізінде ауыз су жүйесінде су қысымы 1,35 кгс∕см2-дан 1,55,кгс∕см2-ға дейін көтерілді.
Бүгінде қаладағы көппәтерлі тұрғын үйдегі негізгі мәселе су қысымына байланысты туындайтыны белгілі. Ал «биылғы жөндеу жұмыстары негізінен қала орталығы мен жаңадан салынған тұрғын үйлерге жеткізілетін ауыз судың қысымын көтеруге мүмкіндік беріп, құбырлардың жарылу деңгейін төмендетеді» дейді жауапты мамандар.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
04 қыркүйек 2018 ж. 850 2

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 09:59
Discount Cialis Online Cialis Viagra Prix buy cialis Warfarin Viagra Effetti Sessuali Cialis Medikamente Kaufen

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 16:05
Amoxicillin Without Prescriptions cialis cheapest online prices Concepimento Propecia Finasteride Does Amoxicillin Affect Pap Smear