Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 30 елдің қатарына қосылу үшін әлі де жұмыстар атқаруымыз керек – Елбасы

30 елдің қатарына қосылу үшін әлі де жұмыстар атқаруымыз керек – Елбасы


Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген Үкімет отырысы өтіп жатыр. Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін әлі де жұмыс істеу керегін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сыртқы факторлардың тұрақсыздығына қарамастан өткен жылғы экономикалық дамудың көрсеткіштері оң болды. Осыған байланысты Үкімет, Ұлттық банк, жергілікті атқарушы органдардың нәтижелі жұмысын атап өттім. Қазіргі таңда дүниежүзінің ықпалы біршама жақсарып келе жатқанын бәріміз білеміз. Бізге өзінің әсерін тигізеді. Әлемдегі озық дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін әлі де жұмыстар атқаруымыз керек. Қажетті барлық құжат, тиісті заң қабылданды. Институционалдық реформалар жүргізіліп жатыр. Баяндамаларда айтылды. Үшінші жаңғырудан бастап цифрлық экономикаға қарай көштік. Биылғы менің Жолдауымда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері анықталды. Сондықтан дамудың қарқынын үдетуіміз керек. Ал енді істелмеген жұмыстарға, тағы да істелетін жұмыстарға көңіл бөлу керек», - деді Елбасы бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Назерке Абибулла
09 ақпан 2018 ж. 1 333 0