Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Қаржы министрiне мемлекеттiк қарызды бақылауды тапсырды

Назарбаев Қаржы министрiне мемлекеттiк қарызды бақылауды тапсырды


Бүгiн Астанада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтiлген Үкiмет отырысы өтiп жатыр. Жиында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Сұлтанов жекешелендiру мен ұлттық қордағы қаржы жайлы есеп бердi.
«Биылғы жылы Қаржы министрiнiң алдында тұрған басты мақсат - сiздiң Жолдауыңызда айтылған iс-шараларды жүзеге асыру. Бiрiншiден, сiздiң тапсырмаларыңызды қажеттi қаржымен қамтамасыз ету үшiн бұл жұмыс осы жылдың бюджетiн нақтылау, алда тұрған қаржылық жоспарлау кезiнде iске асырылады. Екiншiден, кiрiстердi нығайту мен шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру арқылы мемлекеттiк бюджеттiң және ұлттық қордың тұрақтылығын ұлғайту үшiн қосымша шаралар қабылданатын болады», - дедi Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, министр биылғы жылы жекешелендiрудiң негiзгi кезеңi аяқталатынын айтты.
«Мемлекеттiк қарызды бiр деңгейде ұстау керек. Сен оны ұлғайтпай, қарап отыруың қажет. Тиiмдiлiктi Үкiметтiң табысымен ойластырып отырғаның жөн. Әртүрлi жағдай болады. Сондықтан, тең болуымыз керек. Керек болғанда қарыз алуға мүмкiншiлiк болуы қажет. Қаржы бар кезде. Кейiнгi кезде бiз көп алып жiбердiк. Құрылысқа, жолдарға, үй салуға алдық», - деп тапсырды министрге Назарбаев.
 Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
09 ақпан 2018 ж. 1 106 0