Кеншілердің талабы бойынша келiссөз жүрiп жатыр – Дүйсенова
Бiр тәулiктен астам уақыт бойы ереуiл ұйымдастырып, жер үстiне көтерiлмей жатқан «АрселорМиттал Теміртау» кеншiлерiнiң мәселесi бойынша қазiр келiссөздер жүрiп жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Үкiмет отырысынан кейiн берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Министрдiң айтуынша, қазiр ереуiл ұйымдастырып отырған кеншiлер саны 600-ден асып отыр.
«АрселорМиттал Темiртау мәселесi жөнiнде айтсақ, қазiр 8 шахтадан жұмыскерлердiң 32 өкiлi, белсендiлерi жұмыс берушiмен кездесiп, келiссөздер жүргiзiп жатыр. Негiзгi олардың талаптары: еңбекақыны 100 пайызға дейiн көтеру мәселесi. Қазiр АрселорМитталдағы еңбекақының ең төменгi мөлшерi, осы шахталарда iстеп жатқан азаматтардікі - 208 мың теңге, ал жоғары мөлшерi - 326 мың теңге көлемiнде. Бұл бiрiншi талабы болып отыр. Екiншi, еңбекке жарамсыз болған уақытта аурухана парағын 100 пайызға дейiн уақытында төлеу мәселесiн қарастырып жатыр. Одан басқа, еңбекақыға байланысты тағы да бiраз тарифтер жөнiндегi мәселелер бар. Зейнетақы жасы мәселесi. Содан кейiн кеншiлердiң «Шахтер» деген сауықтыру кешенiн қайтару мәселесi қаралуда. Бүгiн таңғы тоғызда жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасында келiссөздер басталды. Қарағанды облысының әкiмшiлiгi, Еңбек инспекциясы мен басқа да құқық қорғау органдарының барлығы сонда. Қажеттi мониторинг жасалып жатыр. Жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасындағы келiссөздер бiткеннен кейiн олардың қандай келiсiмге келгенi жөнiнде бiз қосымша ақпарат беремiз», - дедi Тамара Дүйсенова.Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі төрт шахтаның 200-ге тарта кеншісі 10 желтоқсан күні түнгі ауысымнан кейін жер үстіне көтерілмеген. Бір тәуліктен астам уақыт бойы жер астында отырған кеншілермен келіссөздер жүріп жатыр. Ереуіл жасаған кеншілер талаптарын жария еткен болатын.
Пікір 3