Кеудесіне доп тиген футболшы ойын кезінде қайтыс болып кетті
Хорватия чемпионатының үшінші дивизионындағы ойын кезінде «Марсония» және «Славония» командалары кездесті. Ойын кезінде алаң иелерінің сапындағы футболшы Бруно Бобан қайтыс болып кетті.
Бұл туралы HRT Sport басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Ойынның 15-минутында қатты тебілген доп Бобанның кеудесіне тиіп кетті. Ойыншы сол сәтте құлап қалып, алаңдағы футболшылар жанына жиналды.
Клуб дәрігері футболшыға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мұнан кейін жедел жәрдем бригадасы да жетті. Алайда дәрігерлер спортшының өмірін құтқаруға тырысқанмен, 25 жастағы жартылай қорғаушыны аман алып қалу мүмкін болмады.
Әзірге футболшының өлімінің нақты себебі аталған жоқ.