Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы он жылда шетелде шейіт болған қазақстандық студенттер

Соңғы он жылда шетелде шейіт болған қазақстандық студенттер


Қазақстандық студенттер шетелде теракт, жол апаты, жазатайым жағдайлардан қайтыс болады. Today.kz соңғы он жылда шетелде қыршын ғұмырларды қиып кеткен қайғылы оқиғаларды еске түсіріп көрді.
2011 жылдың тамызында АҚШ-та 20 жастағы Павлодар тумасы Айнұр Ахметованың өлі денесі табылды. Қазақстандық бассейнде ес-түссіз жатқан. Кейін бойжеткен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Массачусетс штаты Ярмут полициясы болған оқиғаны жазатайым жайт ретінде тіркеді.
2013 жылдың қаңтарында Мәскеуде Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің екінші курс магистранты, 23 жастағы студент Бердак Алтаев қайтыс болды. Ол жатақхананың 10-қабатынан құлап кеткен.
олған оқиғадан соң Алтаев өз-өзін өлтірді деген болжам жарияланды, бірақ ол өлер алдында хат жазып қалдырмаған.
Талғат Орымбаев – Алтаевтың құрдасы 2013 жылдың қыркүйегінде Чикагоның жолында көлік астына түсті. Рөлде АҚШ-тың 53 жастағы тұрғыны Терри Сэмс болған. Адам қаққан соң жүргізуші жедел жәрдем шақырған, жас жігіт Loyola University Medical Center медициналық орталығына жеткізілген. Бірақ дәрігерлер жігітті өлімнен арашалап қала алмады. Жас жігіт жол апатынан кейін 11 күннен соң дүниеден озды.
2014 жылдың тамызында АҚШ-та жол апатынан тағы бір қазақстандық студент, алматылық Елнұр Самархан қайтыс болды. Ол 21 жаста еді. Жас жігіт студенттерді мәдени айырбастау бағдарламасымен Бостоннан 120 километр жердегі Кейп-Кодқа келген.
Жолда велосипед тізгіндеп кетіп бара жатқан жігітті көлік қаққан. Ол ауруханаға жеткізіліп, дүниеден озды.
2015 жылдың ақпанында Өскемен тұрғыны, студент Тим Бекшентаев та жол апатынан қайтыс болды. БАҚ оның FLEX бағдарламасы бойынша шетелге жолдама алған Шығыс Қазақстан облысынан шыққан жалғыз оқушы екенін жазды. Тим Грантсберг қаласына құрдастарымен бірге көлікте келе жатқан. Олар хоккейден жастар командасында ойнаған, бірақ ауа райы нашар болғандықтан, жол апатына ұшыраған.
2016 жылдың ақпанында Мәскеу гуманитарлық университетінде оқитын қазақстандық студенттер Иван Ламонов пен Анна Сливкинаны Мәскеуде жаяу жүргіншілерге арналған ақ жолақта көлік қағып кетті. Жігіт ауруханада қайтыс болды, ал қыз тірі қалды.
2016 жылы Хьюстонда басы ауырып ауруханаға жеткізілген студент Еркін Балғымбаевтың да демі жат жерде үзілді.
2017 жылдың сәуірінде Санкт-Петербургтың метросында болған теракт салдарынан қазақстандық Максим Арышев қайтыс болды. Басында алматылық жарылыс ұйымдастырды деген болжам болған, кейін оның құрбан екені анықталды.
Сол жылы қыркүйекте Ванкувердегі таудан құлаған студент Метхан Абенов те дүниеден өтті. Ол мұзға тайып, алты метрлік биіктіктен құлаған.
2018 жылдың наурызында Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің студенті 23 жастағы Дайыр Сағлиев Тивертон Авенюдан құлап, өмірден озды.
2018 жылдың сәуірінде Қытайдың Гуанчжоу қаласында аты-жөні жария етілмеген студент қайтыс болды. Ол 1991 жылы туған, Алматыда тұрған Жамбыл облысының тумасы. Болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған. БАҚ жігіттің футбол ойнағаннан кейін қайтыс болғанын хабарлады.
2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды. Ол өзі оқып жатқан МГИМО-ның төртінші қабатындағы терезеден 13 сәуір күні құлап кеткен.
Today.kz
05 мамыр 2018 ж. 1 128 0