Баянауылда таудан құлаған 9 жасар бала әлі есін жиған жоқ
Оқыс оқиға Павлодар облысы Баянауыл ауданының «Жасыбай» демалыс орнының аумағында болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, жеткіншек санавиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
«Баланың қазіргі жағдай тұрақты. Зардап шегуше бас-ми жарақатын алған. Жансақтау бөлімінде жатқан ол әзірге есін жиған жоқ. Дәрігерлердің шешімімен сырқатқа консервативті ем-дом шаралары тағайындалды», - дейді Эльмира Темірғалиева.Оқыс жағдай туралы Баянауыл ауданының туритік нұсқаушысы Марина Каримова хабарлады. Маманның айтуынша, бала ата-аналарымен серуендеп жүргенде биіктіктен тасқа құлаған. Жасөспірім ата-анасының алдына шығып, жүгіріп кеткен. Кейін абайсызда құлап кеткен.
«Таудаға серуенге жауапкершілікпен қарау керек. Осы текте оқиғалар кездесіп тұрады. Мәселен, Жасыбай көліне екі адам батып кетті», - дейді нұсқаушы.Айта кетейік, Баянауыл туристік жерінде демалыс маусымы осыдан 1 ай бұрын басталды. Былтырғы жылы 150 мыңнан астам адам келіп тыныққан. Биылғы жылы 200 мыңнан астам турист демалып қайтады деп күтілуде.
Ақмаржан ӘДІЛБЕК
Пікір 2