Эстониялық азамат Түркияда Босфор бұғазы арқылы арқанмен жүріп өтті
Эстониялық цирк әртісі Яан Роозе Босфор бұғазын теңіз үстіне созылған арқанмен кесіп өтті, деп хабарлайды Kaz.inform.kz.
Сөйтіп, ол қолына түрік туын ұстап, Азиядан Еуропаға арқан арқылы бір құрлықтан екіншісіне арқан арқылы өткен алғашқы адам болды.
Ыстанбұлдағы Азапталушылар көпірі бағаналарының арасына арқан тартылған. Теңіз үстіндегі жол 1074 метрді құрады. Ер адам оны 47 минутта өтті.
Яан Роозе өзінің тәжірибесін бірегей деп атады. Ерекше қауіп ауа райының құбылмалылығында болды, деп түсіндірді эстониялық азамат.
2013 жылы Kazinform Гранд-каньонды тікелей эфирде сақтандыру арқанынсыз кесіп өткен америкалық цирк әртісі Ник Валленданың рекорды туралы жазған, ал бір жыл бұрын америкалық ер адам Ниагара сарқырамасы үстінде созылған арқанмен АҚШ-тан Канадаға жол кесіп өткені туралы хабарлаған болатын.
Фото: Hürriyet.com