Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация тәртібімен татуласты

Медиация тәртібімен татуласты

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы C.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. жеңгесі Ш.-ға былапыт сөйлеп, ар намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекетті жасаған.


Сотта құқық бұзушы С. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап және медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.


Сотта жәбірленуші Ш. оған кешірім беретінін, медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.


Сот қаулысымен азамат С. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.


Сырдария аудандық соты
23 шілде 2026 ж. 360 0