Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әке мен бала арасындағы жанжал медиация арқылы шешілді

Әке мен бала арасындағы жанжал медиация арқылы шешілді

Сырдария аудандық  сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Қ. алкогольдік масаң күйде баласы Қ.ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сотта құқық бұзушы Қ. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап және медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сотта жәбірленуші Қ. өзінің әкесіне кешірім беретінін, медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Қ. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Сырдаря аудандық соты
26 қаңтар 2026 ж. 41 0