Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат А. Қазалы аудандық сотының 13 маусым 2022 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Қ-ның пайдасына балаларын асырап бағу үшін алимент төлеуге міндеттенген. А.-ға сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау жөнінде ескертулер берілгенімен атқарушылық құжатты орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы  4 998 023 теңге құраған.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сырдария аудандық соты
23 шілде 2026 ж. 353 0