Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2025 жылғы камералдық бақылау қорытындыларымен анықталған заңбұзушылықтар
Қазақстан Республикасының «Мемелекеттік аудит және қаржылық бақылау» Заңының 30 бабында белгіленген тәртіпке сәйкес Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарының сақталуына 16 544 лот сомасы 680 млрд 108 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 948 лот сомасы 40 млрд 704 млн. теңге, немесе барлық қаралған лоттардан 5,7% құрайтын сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларда нақты анықталған бұзушылықтардың түрлері, орындау мерзімдерін көрсетіліп, барлығы 948 хабарламалар жолданып, тапсырыс берушілермен өткізілген мемлекеттік сатып алуларды заңнама талаптарына сәйкестендірілуі қамтамасыз етілді.
Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар:
- Тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысушы барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;
- Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілерден талап ету немесе Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасының талаптарын бұзу (лицензия қажет етілетін қызметтер мен жұмыстарға хабарландыру жариялау барысында тиісті рұқсатты, хабарламаны талап етпеу немесе заңсыз талап ету);
- Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін дұрыс қолданбау, техникалық ерекшелікті бір тілде жасау, стандарттар көрсетпеу;
- Қосымша келісім шарт жасау талаптарын бұзу (бірлік баға, үнемдеу), тағы да басқалар.
Тапсырыс берушілер тарапынан әкімшілік айыппұлға әкеліп соғатын заңбұзушылықтардың басым көпшілігі заңда көзделмеген негізбен тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу, орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған шарттар бойынша өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп тануға сотқа жүгінбеу немесе уақытылы жүгінбеу және мемлекеттік сатып алуда ақпараттар орналастыруда белгілі әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін нақтылайтын мәліметтерді, тауардың атауын, маркасын көрсету бойынша сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарға жол берілсе және Департаментпен жолданған хабарламалар орындалмаса не тиісті түрде орындалмаса Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207 және 462 баптарына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға әкімішілік жауапкершілік қаралған.
2025 жылға лауазымды тұлғаларға 344 әкімшілік хаттама толтырылған. (Кодекстің 207/1 бабымен – 23 хаттама, 207/3 бабымен – 49 хаттама, 207/10 бабымен – 33 хаттама, 207/10-1 бабымен – 5 хаттама, 207/10-2 бабымен – 128 хаттама 207/11 бабымен – 78 хаттама, 207/13 бабымен – 9 хаттама, 462/3 бабымен – 19 хаттама).
Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады.
С.ЕРЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің
камералдық бақылау
бөлімінің басшысы










