Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Көлікті масаң күйде жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, ішімдік ішіп көлік жүргізу әрекеті тыйылмай келеді.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қатарын, масаң күйде көлік тізгіндеген азаматқа қатысты іс құрап отыр.

Азамат О.  2026 жылғы 2 қаңтар 01 сағат 11 минут шамасында «Мерседес  Бенц» маркалы автокөлігін Қызылорда-Жалағаш  тас  жолының Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті  тұсында алькогольдік масаң күйде басқарған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен О. жасаған құқық бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мас жүргізуші өз өміріне қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да, ішімдік ішіп көлік басқару орны толмас қайғыға себепші болатынын естен шығармайық.

Сырдария аудандық соты
22 қаңтар 2026 ж. 42 0