Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Қоғамда қызу пікір талас тудыратын өзекті мәселелердің бірі ол жүргізушілердің мас күйінде көлік құралын жүргізу болып отыр, оған жауапкершілік қатаңдаса да, құқық бұзушылар қатары сейілер емес.

Сырдария ауданының тұрғыны Д. есімді азамат Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы, Абай және Сәтбаев көшесінің қиылысында алкогольді масаң күйде автокөлігін басқарып, құқық бұзушылық жасаған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.  

Аудандық соттың қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
28 мамыр 2025 ж. 205 0