Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Қ. 29.01.2025 жылы сағат 23:30 минут шамасында ішкі істер органдарында тіркелмеген 1 дана аңшы мылтығын өзімен бірге сақтап, азамат С.-ға заңсыз бергені анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген құжаттармен, сараптама қортындысымен дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен Қ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 дана аңшы мылтығын тәркілей отырып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
24 ақпан 2025 ж. 208 0