Аңшы мылтығының ұңғысын заңсыз алып жүргені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. 18.03.2025 жылы сағат 15:30 минут шамасында Сырдария ауданы, Шаған ауылына қарасты «210» - деп аталатын күріш егістік алқабында, ішкі істер органдарына тіркелмеген
16-калибрлі, «ИЖ-5» маркалы, тегіс бір ұңғылы аңшы мылтығының ұңғысын заңсыз алып жүргені анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.
Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген құжаттармен, сараптама қортындысымен дәлелденіп бекітілді.
Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, «ИЖ-5» маркалы, тегіс бір ұңғылы аңшы мылтығының ұңғысын жойып, оған 55048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай